Білім

Қытайлық делегация Қозыбаев университетін аралады

Өңірде қытайлық тараппен әріптестік аясында Қозыбаев университетінің мамандарымен бірлесе отырып технологиялық парк салу жоспарланып отыр. Осы ретте “Хэнань” ауылшаруашылық инвестициялық корпорациясының делегациясы жоғары оқу орнын аралап, зертханаларының мүмкіншілігімен танысты.

— Бұл технология камералар егістік алқаптарының жағдайын бақылауға, топырақ пен өсімдік үлгілерін талдауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері мен сорттарын анықтауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде агротехникалық шешімдердің тиімділігі артып, өнімділікті көтеруге жағдай жасалады.

М.Қозыбаев университетінде 50-ден астам зертхана жұмыс істейді, олардың әрқайсысы ғылым мен тәжірибенің бірегей үйлесімін көрсетеді. Солардың ішіндегі үшеуі “Хэнань” ауылшаруашылық инвестициялық корпорациясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға арналған. Мұнда студенттер мен ғалымдар заманауи технологияларды қолдана отырып нақты өндірістік мәселелерді зерттеп, тәжірибелік шешімдер әзірлейді.

— Сенокос корма, кормовые смеси, цельнозерновые и дроблёные рационы – все виды кормов, которые используются в рационе на предприятии, они присылают нам на анализ, и мы можем исследовать их здесь.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректоры:

— Технологиялық парк салу университетіміз үшін ғана емес, жалпы өңір үшін де аса маңызды. Аталған әріптестік университет пен қытайлық серіктестердің дамуына жаңа серпін беріп, өзара байланысты жаңа деңгейге көтереді. Сонымен бірге, бұл бастама өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, оның тұрақты дамуына ықпал етеді.

Делегация зерттеу процесінің әр кезеңін тамашалап, тәжірибелік жұмыстар мен қолданылатын технологияларды бағамдады. Сондай-ақ, университет пен “Хэнань” корпорациясы арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың ауқымы мен әлеуетін таразылады.

ТЯНЬ ЦЗЯНЬМИНЬ, “Henan Agricultural Investment Capital Co. LTD” корпорациясы инвестициялық тобының кеңесшісі, ҚХР:

— Университетке алғаш келген сәттен-ақ оның заманауи оқу орны екені бірден аңғарылады. Оқу залдары талапқа сай жабдықталған, ал зертханаларында озық технологиялар мен әлемдік деңгейдегі заманауи құрылғылар пайдаланылуда. Осыны негізге ала отырып, Қозыбаев университетінің келешегі зор екеніне және алдағы жұмыстардың жоғары нәтиже беретініне сеніммен қараймыз.

Айта кету керек, осы оқу жылында Қозыбаев университетіне академиялық мобильділік аясында қытайлық 29 студент пен магистрант келген. Шетелдік жастар жоғары оқу орнында өсімдік шаруашылығы мен агротехнологиялар бойынша білім алып жатыр