Мәдениет

Кино әлеміне қадам бас: Петропавлда жаңа жылдық фильмге кастинг өтеді

Кино әлеміне қадам басып, жұлдыз атануға таптырмас мүмкіндік. Петропавлда толықметражды жаңа жылдық лирикалық комедияның түсірілімі өтеді. Осыған орай облыс орталығында қаңтардың 17-сі, 18-і және 19-ы күні кастинг ұйымдастырылмақ. Бұл – мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен “CINEMA COMPANY 28” продюсерлік орталығының бірлескен жобасы. Туындыда қаланың әсем көшелері, тарихи нысандары қамтылады, аппақ қар, бойды тітіркендіретін аяз – нағыз қыстың атмосферасы сезілмек. Кастингте бақ сынау үшін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ театрына бару қажет. Тісқаққан бағалаушы мамандар 12 мен 50 жас аралығындағы болашақ актерлерді іріктеп алады. Фильмді түсіру жұмыстары қаңтардың соңында басталады.