Білім

Есіл ауданында алғашқы ауылдық IT-орталық ашылды

Елімізде ауылдық жердегі алғашқы IT-орталық Есіл ауданында ашылды. Нысан қолданысқа берілген Николаевка ауылында мыңнан астам адам тұрады. Оның 300-і – жастар. Креативке толы орын қуатты компьютерлермен, VR-платформамен және 3D-принтерлермен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда білім алып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге бар жағдай жасалған. Орталықта тұрғындарға цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллекті қолдану бойынша тегін сабақтар өткізіледі. Айта кету керек, бұл – облыста ашылып отырған 8-ші IT-орталық. Мұндай нысандар наурыз айына дейін өңіріміздің әр ауданында ашылады деп күтілуде.