Құқық қорғау органдары

Бірі ауыр соққыдан, ал екіншісі өз-өзіне қол жұмсап ажал құшты

Уәлиханов ауданындағы Береке ауылында қайғылы оқиға орын алды. Елдімекендегі үйлердің бірінде 2 тұрғын ішімдік ішкен. Кейін ащы су жаға жыртысуға алып келіпті. Ашуға булыққан азаматтар далада жанжалдасады. Сол кезде 29 жастағы жігіт 32 жастағы бөтелкелесін сүйменмен ұрған. Темірдің соққысынан ер адам оқиға орнында тіл тартпай, қайтыс болды. Сонымен қатар, көршілес Ақжар ауданында 53 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Қарашілік ауылында тұратын жерлесіміз өз-өзіне қол жұмсаған. Тіркелген қос қайғылы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.