Айыртау ауданындағы Баянтай ауылының халқы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сумен жабдықтау жүйесі прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды. Енді елдімекендегі 240 тұрғын орталықтан берілетін тіршілік көзін тұтынады. Жалпы, аймақта қайтарылған активтерді пайдалана отырып, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында бұдан да бөлек маңызды әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Бүгінде олардың саны 30-дан асып жығылады. Бұл бастамалардың дұрыс орындалу барысы қадағалау органының бақылауында болады.