“AMANAT” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесуге келген жандар қоғамдық қызметтердің жұмысы, тарихи естеліктерді сақтау және алаяқтықтан қорғану мәселелерін көтерді. Бастауыш партия өкілі өтініштер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтыққа байланысты тұрғындарға қалай сақтану керек екенін түсіндірді. Партия өкілдері мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын және халықтың ұсыныс-пікірлері ескерілетінін атап өтті.