Полициямен байланыс орнатудың тағы бір тетігі – “102” мобильді қосымшасы. Аталған қосымша арқылы тұрғындар үйден шықпай-ақ тәртіп сақшыларына жүгіне алады. Жаңашылдық бірнеше бағытты қамтиды. Олар: полицияға жедел хабарлама жіберу, өтініш қалдыру және құқық бұзушылық туралы ақпарат беру. Бұл жүйе өткен жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істейді. Былтыр шенділерге қосымша арқылы 656 хат түскен. Ал биылғы көрсеткіш әзірге 22-ні құрайды.
МЕРГЕН БАЙМАНОВ, СҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бөлім бастығы:
— Қосымшада бейнеқоңырау арқылы тікелей оқиға орнынан байланысу мүмкіндігі бар. Бұл полиция қызметкерлерінің жағдайға тез әрекет етуіне ықпал етеді. Бұдан бөлек, 2025 жылғы 23 маусымынан бастап “EgovMobile” қосымшасында және Kaspi.kz, Halyk Bank сияқты екінші деңгейлі банктердің мобильді сервистерінде “Заң және Тәртіп” атты жаңа қызмет іске қосылды.