Петропавлда 76 жастағы тұрғынды үсік шалып, қайтыс болды. Қайғылы оқиғаның жай-жапсарына тоқталсақ, ол кеше үйінен емханаға шығып кетіп, қайта оралмаған. Қария ұмытшақтық ауруына шалдығыпты. Сол себепті медициналық мекемені таба алмай, өзге жаққа бағыт алған деген болжам бар. Зейнеткер бүгін ғана табылды. Ол Кардиологиялық орталықтың маңайынан анықталды. Шақырылған жерге дереу келген медициналық қызметкерлер кейуанаға бірден алғашқы көмек көрсеткен. Өкінішке қарай, қатты үсік алған тұрғын жедел жәрдем көлігінде өмірмен қоштасыпты.