Білім

СҚО-да мектеп оқушылары қашықтықтан білім алуда

Солтүстікқазақстандық оқушылар аязға байланысты қашықтықтан оқытуға көшірілді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Оқу сабақтары онлайн форматта қолданыстағы кестеге сәйкес жүріп жатыр. Айта кету керек, білім басқармасы бекіткен талап бар. Егер ауа температурасы минус 30 градустан төмен болса, барлық оқушылар бірден үйден білім алуға ауыстырылады. Аяз әлі жалғасуы мүмкін.

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы:

—  Қазіргі уақытта интернаттық ұйымдарды қоспағанда облыстың барлық жалпы білім беретін мектептеріндегі 72 мыңнан астам бала қашықтықтан оқуда. Ал интернатта тұратын оқушылар қалыпты түрде оқуда.