Спорт

Петропавлда спорттық акробатика мен батуттық гимнастикадан дәстүрлі дода бастау алды

Петропавлда спорттық акробатика мен батуттық гимнастика бойынша Халықаралық турнир және СҚО ашық чемпионаты басталды. Турнир Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, өңірімізідегі спорттық акробатиканың негізін қалаған Анатолий Ямпольскийдің құрметіне ұйымдастырылып отыр. Биыл дәстүрлі сайыс 3 елден келген 200-ге жуық спортшының басын қосты.

АНДРЕЙ ЯМПОЛЬСКИЙ, турнирдің бас төрешісі:

— Бүгінгі турнирге Ресей, Өзбекстан елінің 4 шаһарынан және Қазақстанның 7 қаласынан спортшылар келді. Жарыс екі күнге жоспарланып отыр. Сайыстың басты мақсаты – жас гимнасттар мен акробаттардың тәжірибе алмасып, дамуы.

Бүгінгі турнирде Павлодар қаласынан келген Полина Носова мен Амира Қамидолла бақ сынады. Екі жас сайысқа біраз уақыт дайындалған. Олардың ұсынған акробатикалық бағдарламалары төрешілердің көңілінен шықты.

ПОЛИНА НОСОВА, спорттық акробатикадан спорт шебері, Қарағанды қаласы:

— Бұл жарысқа біз 2 ай дайындалдық. Біздің бағдарламамыз қатты қиын болды деп айта алмаймын. Бірақ өнеріміз төрешілердің көңілінен шықты. Жалпы, мен 5 жасымнан бері акробатикамен айналысамын. Бұл спорт түріне мені әпкем ертіп келді.

Сайыс барысында өңір намысын 42 спортшы қорғайды. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыс етіледі.