“Құлагер” хоккей клубы ел чемпионатында кезекті жеңіске қол жеткізді. Бұл жолы теріскейлік имек таяқ шеберлері “Ақтөбе” командасынан басым түсті. Бірінші период қарсыластар бір-бірінің қателіктерін аңдумен болды. Сол себепті есеп ашылмады. Екінші кезеңге жаңа тактика құрған хоккейшілеріміз ақтөбеліктердің қақпасына шайбаны қарша боратты. Дәлірек айтсақ, жауапсыз үш шайба соқты. Ал үшінші период болса тең дәрежеде өтті. Ойын төрт те бір есебімен петропавлдықтардың пайдасына шешілді. Айта кету керек, теріскейлік хоккейшілер 38 ойында 28 рет жеңіске жетті. Қазіргі таңда 48 ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орында тұр.