Қоғам

СҚО-да жол-көлік оқиғасынан тағы екі адам қаза тапты

Қайғылы жайт сенбі күні “Көкшетау-Омбы” автожолының 60-шы шақырымында болған. Трассаның Тайынша ауданынан өтетін бөлігінде Audi және Hundai Tucson автөкөліктері соқтығысып, Audi-дің ішінде отырған екі жолаушы сол жерде мерт болды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Еске сала кетейік, өңірде жыл басталғалы 7 бірдей жол-көлік оқиғасы орын алып, 6 адам қаза тапқан, 7 адам жарақат алған.