СҚО әкімдігі

Сенат депутаты Ольга Перепечина Президенттің сұхбатына қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Түркістан” газетіне берген сұхбатында елдің алдағы дамуына қатысты негізгі міндеттерді баяндады. Мемлекет басшысы бұл басымдықтарды Үкімет, Парламент және бүкіл халық бірігіп орындауы керектігін атап өтті. Елде саяси реформалар жалғасын табады. Конституцияға өзгерістер енгізу және бір палаталы Парламентке көшу жоспарланып отыр.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Мен конституциялық реформаға қатысты референдум өтетінін алдын ала айттым. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмын. Жоспарланған өзгерістер өте көп, бәрі тұтаса келгенде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады.

Осы орайда өңірге жұмыс сапарымен келген Сенат депутаты Ольга Перепечина Президент сұхбатына қатысты пікір білдірді.

ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

— Президент ең алдымен еңбек адамы және адамдардың алдында тұрған міндеттер туралы көп айтты. Елдің дамуы үшін әр азамат адал еңбек етуі керек екеніне нақты тоқталды. Президент көтерген ең маңызды тақырыптардың бірі – тарифтік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфақұрылымын дамыту, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдау. Шын мәнінде, көмекке мұқтаж адамдар қолдау алуы тиіс, ал қалғандары мідетті түрде еңбек етуі қажет.

Сұхбатта елдің экономикалық даму мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Президент қолда бар әлеуетті тиімді пайдалану, көлік инфрақұрылымын жаңғырту және өзге мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті. Ольга Перепечина қазіргі заманда барлық бағытта да жаңғырту аса қажет деп есептейді.

ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

— Көлік инфрақұрылымы саласында еліміздің мүмкіндіктері мол. Қазір әлемдегі күрделі геосаяси және экономикалық жағдайға қарамастан, осы әлеуетті тиімді пайдалану жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. Қазақстан жаһандық жүйенің бір бөлігі ретінде цифрлық технологияларды дамытып, барлық саланы цифландыру үдерісін жеделдету қажет.

Президент атап өткен басымдықтар экономиканың, саясаттың және қоғамның негізгі бағыттарын қамтиды. Ал мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы Қазақстанның алдағы жылдары тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.