Спорт

Ербол Хамитов тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Германияда парабиатлоннан тартысқа толы Әлем кубогы басталды. Дүбірлі додада теріскейлік Ербол Хамитов өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Жерлесіміз 7,5 шақырым қашықтықты 22 минут 9 секундта еңсерді. Спортшымыз тек қытайлық шаңғышыларға есе жіберді. Естеріңізге салайық, ақпан айында параолимпиада жалауын желбіретеді. Жаһандық жарыста Ербол Хамитов алтыннан алқа тағынады деген сенімдеміз.

ЕРБОЛ ХАМИТОВ, парабиатлоннан Әлем кубогының қола жүлдегері:

— Атыс айлақтарында екі рет мүлт кеттім. Соның салдарынан жеңіске жете алмадым. Қателіктермен жұмыс істейміз. Алда жарыстар көп. Басты мақсатым – параолимпиада ойындарының жеңімпазы атану. Менде ешкім тартып ала алмайтын мінез бен қайсарлық бар. Командаммен бірге әлі талай асуды бағындырамыз.