Қоғам

Елімізде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талабы өзгереді

Биылдан бастап елімізде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талабы өзгереді. Осылайша, өз бетінше жұмыс істеп, жалдамалы қызметкер ұстамағандар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде танылады. Мұндай санатқа курьер, такси жүргізушісі, жеке оқытушы, құрылысшы сынды 40-қа жуық қызмет түрі жатады. Енгізілген жаңашылдық жайлы бізге Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Әлібек Қаниев айтып берді.

ӘЛІБЕК ҚАНИЕВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

—  Жеке кәсіпкерлер 1-ші наурызға дейін оңайлатылған декларация режиміне көшуі тиіс. Мерзімінде өтініш бермеген тұлғалар автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығарылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың айлық табысы 1 млн 300 мың теңгеден аспауы тиіс. Оларға салынатын салық мөлшері нақты кірісінің 4 пайызын құрайды. Бұған зейнетақы аударымдары, медициналық сақтандыру да кіреді.

ӘЛІБЕК ҚАНИЕВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

— Өтінішті электронды түрде немесе басқармаға келіп беруге болады. Егер сұрақтар туындаса 46-12-01, 46-60-35 нөміріне хабарлассаңыздар болады.

Айта кету керек, бір аптадан бері ел бойынша “Халық бухгалтері” акциясы өтіп жатыр. Шара аясында Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мыңға жуық адамға көмек көрсеткен.