Құқық қорғау органдары

33 жастағы петропавлдық синтетикалық есірткімен ұсталды

Оңай олжа орға жықты! Петропавлдың кіреберісінде 33 жастағы ер адам синтетикалық есірткімен ұсталды. Ол «Ravon Nexia» көлігін басқарған. Тәртіп сақшылары темір тұлпарды тоқтатып, тексеру барысында салоннан бірнеше орамадағы зиянды зат тапқан. Оның жалпы салмағы 200 грамға жуықтайды. Психотроптық дүние сараптамаға жіберілді. Алдын ала болжам бойынша бұл адамды ақылынан адастыратын «тұз» немесе «мефедрон» болуы ықтимал. Күдікті қамауға алынды. Айта кетейік, есірткіні тасымалдау және таратқаны үшін тұлға 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.