Құқық қорғау органдары

Полицейлер қытайлық жүк көлігінің иелеріне көмек көрсетті

“Астана-Петропавл” тасжолының бойында орналасқан Аралағаш ауылы маңында тіркемесі бар “BJ” маркалы ауыр жүк тоқтап қалған. Оның қозғалтқышы қатып қалыпты. Тәртіп сақшылары анықтағандай, темір тұлпар жүргізушісі Қытайға бағыт алған. Шетелдік азаматтарға полицейлер жәрдем берді. Олар жүк көлігі мен тіркемені Петропавл қаласына дейін сүйреп апарып, жөндеуге тапсырған және қытайлықтарды тамақтандырған. Сонымен қатар, “Көкшетау-Рузаевка” автожолында қатты желдің салдарынан «Volvo» жол жиегіне шығып кеткен. Шенділер жергілікті серіктестіктің көмегімен жүк көлігін сүйреп шығарды. Қаңтардың 6-шы жұлдызында Антоновка ауылының тұрғыны тіркемесі бар «ГАЗель» көлігімен жолға шыққан. Алайда, ол боранның салдарынан діттеген жеріне жете алмапты. Жолда қалған машинаны «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері анықтады. Жүргізушіге арнайы техника тізгіндеген мамандар көмек көрсетті.