Қоғам

Петропавлдан Египетке тікелей рейс қайта ашылады

Шетелде демалуға қайта мүмкіндік тумақ! Петропавлдан Египеттің Шарм-эль-Шейх шаһарына тікелей рейс кезекті мәрте ашылады. Жолаушыларды «SCAT» әуе компаниясы тасымалдамақ. Бұған дейін солтүстікқазақстандықтар Мысырға жету үшін өзге қалаларға барып, ұшаққа отырған еді. Бұл артық уақытты және қаржыны талап етті. Енді алдағы көктемнен алысқа барудың қажеті жоқ.

УӘЛИХАН ЖЕЛІСБАЕВ, «QYZYLJAR» халықаралық әуежайы» ЖШС директорының орынбасары:

— 22 наурыздан бастап Петропавл-Шарм-эль-Шейх бағытында ұшақ қатынайды. Бұрын бұл бағытта әуе кемесі ұшты. Соңғы рейстер өткен жылдың тамыз айында орындалды. Енді қайтадан қолға алмақпыз. Жолаушыларды әр 10 күн сайын 217 орындық Boeing 737 және 800 MAX 9 ұшақтары тасымалдайды. Баға жайына тоқталсақ, адамдар демалыс турын сатып алады. Билет құны соның ішіне кіреді. Яғни, қазір бағаға қатысты ақпарат жоқ.