Қоғам

Петропавлда “Халық бухгалтері” акциясы өтіп жатыр

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес енді өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арнаулы салық режимі арқылы жұмыс істеуі қажет. Бұл дегеніміз оларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Тек қана “E-Salyk Bussines” мобильді қосымшасын жүктеп алуы жеткілікті. Дәл осы қосымша арқылы чек шығарып, кәсібін заңды түрде жүргізе алады. Бірақ әлі де түсінбей, қалай тілкелу қажеттігін білмей жүрген жандар бар. Осы орайда мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары кәсіпкерлерге арнап “Халық бухгалтері” атты акция ұйымдастырды.

МАРИНА ПОДЛОБКО, жеке кәсіпкер:

— Мен мемлекеттік сатып алу бойынша жиһаз дөңгелектерін жасаумен айналысамын. Кәсіп ашқаныма 15 жылға жуықтап қалды. Әлі жаңа режимге ауысқан жоқпын. Себебі, 53 жасымда бұл өзгерісті қайтадан үйрену маған қиындау. Мұндағы мамандар, егер мен арнаулы салық режимі арқылы жұмыс істеуге ауыспасам, тұтынушылар ештеңе сатып алмайды деп жатыр. Әзірге бұрынғы қалыпты ұстанамын. Біртіндеп жаңа тәртіпке ауысамын.

Іс-шара наурыз айына дейін жалғасады. Оған кез келген жеке кәсіпкер қатыса алады. 4 күннің ішінде 2 жарым мыңға жуық салық төлеуші салық режимін өзгерту туралы өтініш беріп, жаңа режимге көшуді таңдаған.

НАТАЛЬЯ НЕКРАСОВА, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

— Қазіргі таңда ең маңызды мәселе – әр кәсіпкер өз қызметіне сай салық режимін дұрыс таңдап, 1-ші наурызға дейін тиісті хабарлама тапсыруы қажет. Ең бастысы, арнаулы салық режимі арқылы жұмыс істейтін азаматтар салықтан толық босатылады. Олар тек 4 пайыз әлеуметтік төлем төлейді. Бұл төлемдер медициналық сақтандыруға, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға бағытталады. Бірақ кіріс көлемінің шектеу сомасы айына 1 млн 300 мың теңгеден аспауы қажет.

“Халық бухгалтері” акциясы бүкіл Қазақстан бойынша өтіп жатыр. Кәсіпкерлер тарапынан сұрақ туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.