Солтүстік Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Қыркүйек айынан бастап қолына қару ұстауға жарамды 18 бен 27 жас аралығындағы 470-тен астам өңір тұрғыны Қазақстандағы әртүрлі әскери күштерінің сапына қабылданды. Олардың барлығы толық медициналық әрі психологиялық тексерістен өтті. Жалпы, өңірлік әскери комиссияның мәліметінше күзгі жоспар орындалды. Мерзімді әскери қызметке шақыру барысында заңнама талаптары мен азаматтардың құқықтары сақталған. Еске сала кетейік, 2025 жылдан бастап әскерге шақырудың жаңа тәртібі енгізілген. Ол бойынша телефонға келген SMS-хабарлама заңды ескерту болып саналады.