Спорт

Надежда Морозова – Олимпиадада үкілеген үмітіміз

Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 27 күн қалды. Бұл жолы жер жаһанның спорт жұлдыздары Италияда бас қосып, мықтылардың мықтысын анықтайды. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын жерлесіміз Надежда Морозова қорғайды. Дүбірлі дода қарсаңында конькимен жүгірушімен хабарластық. Дайындықтың қызу жүріп жатқанына байланысты спортшы сұхбат беруден бас тартты. Бұған түсіністікпен қарадық. Дегенмен үкілеген үмітіміз қысқаша ақпар ұсынды. Ол 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта сынға түседі. Яғни, Надежда 3 бірдей жүлдеге таласады. Әзірге сайыс күндері белгісіз болып отыр. Қоса кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 22-ші жұлдызында мәресіне жетеді.