Сұмдық жол апаты! “Петропавл-Астана” республикалық маңызы бар тас жолында “Tоyota Camry” мен “Shacman” жүк көлігі соғылды. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен салонда отырған үш жолаушы оқиға орнында жан тәсілім етті. Жүргізуші – 25 жаста. Іштегі 63 жастағы әйел адам жаңа туған немересін көруге Астана қаласына бара жатыпты. Одан бөлек, көлікте 14 және 17 жастағы балалар болған. Қайғылы жағдай Рощинское мен Рублевкое ауылының маңайында тіркелді. Белгілі болғандай, “Tоyota Camry” иесі Петропавлдан шыққан.
ЖЕҢІС ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары:
— Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша “Tоyota Camry” машинасының автокөлігі қарсы бағыт қозғалысының жолына шығып, қарсы келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан.