БалаларБілім

СҚО-да 12 қаңтардан бастап қысқы ҰБТ өткізіледі

12 қаңтардан бастап Солтүстік Қазақстан облысында қысқы Ұлттық біріңғай тестілеу өткізіледі. Науқан ақпанның 10 жұлдызына дейін жалғасады. Маңызды сынаққа қатысу үшін талапкерлер желтоқсанның 22 мен 30 аралығында өтініш берді. Олар: биыл мектеп бітіретін түлектер, колледж аяқтайтын жастар және жазғы емтиханда шекті ұпай жинай алмағандар. Алдағы мамырда өңірімізде 4 мыңға жуық бала мектеппен қоштаспақ. Осы ұл-қыздардың 80% қаңтардағы ҰБТ-да бақ сынауға ниет білдірген. Олар емтихан тапсыру уақыты мен күнін өздері таңдай алады.