“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы экологиялық мәселелер жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Өткен жылы өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 23,19% пайызды құраған. Бұл алдағы жылдарға белгіленген нысаналы индикаторлардан жоғары көрсеткіш болып саналады. Сондай-ақ, жиын барысында заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстарының барысы, елді мекендерді көгалдандыру және орман қорын қалпына келтіру шаралары мен экологиялық ағарту жұмыстарының жүзеге асырылуы талқыланды. Биылғы жылға басым бағыттар да айқындалды. Мәселен, тараптар биыл қоқыспен күрес және оны сұрыптап, қайта өңдеу, тиісті инфрақұрылымды дамыту, экологиялық ағарту шараларын ұйымдастыру және “Таза Қазақстан” жобасы аясында елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарына қарқын қоспақ.