Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

ҰОС ардагері Федор Щеглов бақилық болды

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан соңғы сарбаз өмірден өтті. 99 жасқа толуына небәрі бірнеше күн қалғанда Федор Щеглов бақилық болды. Ол ересек өмірдің баспалдағын енді ғана аттаған шақта майданға алынды. 371-ші атқыштар дивизиясының құрамында жауға қарсы тұрды. Төзімділіктің, адалдықтың және Отанға шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісін көрсеткен жерлесіміздің туған-туыстарына, жақындарына аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қайғыра көңіл айтты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— Жыл сайын мен Федор Васильевичке барып тұратынмын. Оның әңгімелері – даналыққа, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Сол естеліктер әрдайым жүрегімізде сақталады. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Федор Васильевичтің ерлігі, еңбегі және жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады!