Құқық қорғау органдары

ТЖД мамандары боранды түнде 4 көлікті сүйреп шығарып, 10 адамды құтқарған

Түнде облыс жолдарында қалың боран ойран салды. Салдарынан бірнеше жолаушы көліктерімен бірге қалың қарда тұралап қалған. ТЖД мамандары боранды түнде 4 көлікті сүйреп шығарып, 10 адамды құтқарды. Айыртау ауданындағы Казанка ауылының тұсында қалып қойған екі бірдей көліктің ішінде 6 адам отырған. Оның біреуі – бала. Шал ақын ауданындағы Сухорабовка мен Арай ауылдарының ортасында да осындай жағдай тіркелді. Мұнда үш ересек адам құтқарушыларды шақыртқан. Ал Мамлюткада жеңіл көлік айналма жолдан өте берген кезде жол жиегіне түсіп кеткен. Қиын жағдайға тап болған жолаушылардың барлығы дін аман, қауіпсіз жерге жеткізілді. Мамандар тұрғындарға ауа райы бұзылған кезде алыс сапарға шықпау қажеттігін ескертеді.