Балалар

Петропавлда дарынды оқушылар сынға түсті

Петропавлда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Бұл – білімге құштар, ізденімпаз оқушылар үшін өз мүмкіндігін көрсететін үлкен алаң. Білгірлер сайысының өзіндік тәртібі бар. Мұнда қатысушылар тек тапсырма орындамайды, өзара пікір алмасып, тәжірибе жинақтайды.

БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА, «Қызылжар дарыны» орталығының директоры:

— Олимпиадаға аудандық және қалалық кезеңдерде іріктеуден өткен 520 оқушы қатысуда. Аталған кезеңдерге өңірімізде 3660 оқушы қамтылды. Жалпы, бұл олимпиада дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға бағытталған.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 15 пән бойынша өтуде. Дарина Ғабидуллина орыс тілі пәні олжа еншілеуді көздейді. Жақсы дайындалыпты. Аққайың ауданындағы Рублевка орта мектебінің оқушысы болашақта білікті педагог атанғысы келеді.

ДАРИНА ҒАБИДУЛЛИНА, оқушы, Аққайың ауданы:

— Аудандық кезеңде жеңімпаз атанып, облыстық жарысқа келдім. Аудандық кезеңде қиын тапсырмалар болмады. Бұл жердегі сынақтан да еш қиындықсыз, сүрінбей өтемін деген үміттемін.

Жеңімпаздар арнайы комиссияның жіті тексерісінен кейін анықталады. Мықтылардың мықтысы республикалық кезеңге қатысады. Жоспар бойынша наурыз немесе сәуір айларында Қазақстанның 6 қаласында олимпиада өтеді.