Қоғам

Қаңтар айында қар көп жауады – синоптиктер

Өңірде қаңтар айында жиі боран соғып, көп қар жауады. Бұл мәліметпен Қазгидромет мамандары бөлісті. Синоптиктердің сөзінше, ай бойы өңірге атлантикалық циклондар жиі әсер етіп, жылы әрі ылғалды ауа массаларын алып келеді. Есесіне жиі қар жауып, жел күшейіп, боран соғады. Айдың ортасында аязды күндер болады.

ТАТЬЯНА МАРЬИНА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ синоптигі:

— Қаңтар айында ең жылы температура -8 градус болмақ. Мұндай құбылыс айдың соңында байқалады. Екінші онкүндікте аяз -34 градусқа дейін күшеюі мүмкін. Кейін біртіндеп бәсеңдейді. Сырма жүреді.