Қоғам

СҚО-да мереке күндері жедел жәрдемге 2 мыңнан астам шақырту түскен

Облыс бойынша Жаңа жылдың бірінші күні жедел жәрдем қызметіне 400-ге жуық қоңырау келіп түскен. Ал келесі шақырту саны сәл өскен. Мамандар 5 күннің ішінде барлығы – 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіпті. Көпшілігі тыныс алу органдары, қан айналымы жүйесінің аурулары, гастрит және панкреатитпен жүгінген. Ал қалалық көпбейінді жедел медициналық көмек ауруханасындағы жарақат бөлімінің мамандары бұл күндері 300-ден астам адам қабылдаған. Оның 10-ны шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің көбі тұрмыстық жағдайда немесе көшеде құлап жарақат алған.