Тағы бір өзгеріс. Енді елімізде SIM-карта аларда міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өту керек. Бұл мобильді және интернет-алаяқтықтан сақтану үшін қажет дейді жауапты мамандар. Сондай-ақ аталмыш шара SIM-карталарды делдалдар арқылы заңсыз сатудың алдын алмақ. Сондықтан нөмірді қай жерден алса да азамат биометриясын сәйкестендірігеннен кейін ғана іске қосылады. Бір адамға 10 SIM-картаға дейін тіркеуге рұқсат беріледі. Одан асса жағдай жеке қарастырылады. Мұндай тәсіл алаяқтық схемаларға тән нөмірлерді жаппай тіркеуді азайтуға ықпал етеді.