Тұрғындарға құлаққағыс! Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істемейді. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне орай 1-ші және 2-ші қаңтарда, сондай-ақ 7-ші қаңтарда демалады. 3-і күні, яғни сенбіде орталық өкілдері адамдарды күндізгі 13:00-ге дейін қабылдамақ. Ал қаңтардың 5-і мен 6-сы – жұмыс күндері. Бұл күндері еліміздегі барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша қызмет көрсетеді.