Таңертең ауа райының күрт жылынуына байланысты өңірімізден Ақмола облысына шығатын барлық автожолдар жабылды. Бұған себеп көршілес аймақта жаңбыр жауып, жолдарда мұзтайғақ қаупі туындаған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері екі бағытта жұмыс жүргізді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары аудандарда және облыс орталығында да күшейтілді. Жолдар ашылғаннан кейін де тәртіп сақшылары күшейтілген дайындық режимін сақтап отыр.
МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:
— Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, ауа температурасының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар Петропавл-Көкшетау тас жолындағы көлік қозғалысы шектелді. Бұл бағытта патрульдік полиция кезекшілік атқаратын болады. Қазіргі таңда көлік жүргізушілерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.