Ертегілер әлеміне саяхат! Қуыршақ театрында балақайлар үшін жаңажылдық ертеңгіліктер жалғасуда. 23-ші желтоқсаннан бастап өнер ұжымы кішкентай көрерменнің назарына”Щелкунчик пен Тышқан патшасы” атты спектакль ұсынуда. Туындының қоюшы режиссері – Алексей Васильев.
АЙБОЛ ҚАСЫМ, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:
— Бұл қойылымды осыдан 3 жыл бұрын сахналық. Кейін театрымыздың бас режиссері Алексей Васильевтің көркемдеуімен спектакльге өзгерістер енгізілді. Бұл ертегі таңдауымыздың негізгі себебінің бірі – Андерсонның классикалық туындысы. Сондықтан назар аудардық.
Спектакльге дайындықты театр ұжымы қыркүйек айында бастаған. Сахнаны безендіру, әртістерге киім тігу – мұның барлығы күзден ойластырылыпты. Ал қойылымның сюжетіне желтоқсанның басында кіріскен. Туындыда 8 актер өнер көрсетеді. Ал тағы 10-ға жуық жан кеш барысында балақайлармен көңілді бағдарлама өткізеді.
Қойылым аяқталған соң ұл-қыздар шыршаның алдында бас қосты. Мұнда балақайлар Аяз ата және Ақшақармен билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысты, аяқталғалы отырған жылдың басты нышаны – жыланды шығарып салып, жылқыны қарсы алды. Кішкентай көрермен алған әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жаңажылдық ертеңгілік облыстық қуыршақ театрында қаңтардың 7-ші жұлдызына дейін жалғасады.
Ақтолқын Солтанханқызы