Қозыбаев университетінің бес ғалымы “Болашақ” халықаралық стипендиясына ие болды. Мұндай жетістікке мамандар ғылыми тағылымдық бағдарлама арқасында жеткен. Шәкіртақы алған Бану Доскенова – «География және экология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, Ерназ Ермеков – ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жөніндегі ректордың көмекшісі, ал Асқар Таджигитов – «Математика және физика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Гүлбаршын Ибраева – «Бастауыш, мектепке дейінгі және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты және Алдияр Бакиров «Агрономия және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етеді. Жалпы, шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 182 азаматқа әлемдік жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендиялар берілді.