Қаңтарда қазақстандықтар 12 күн демалады. Бұған Жаңа жыл және Рождество мерекелері себеп. Күнтізбеге сәйкес, 1-2 қаңтар – ресми мейрам күндері. Аталған даталар бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр. Ал үші мен төрті сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Сонымен қатар, 7 қаңтар елімізде Рождество мерекесі аталып өтіледі. Православ христиандарының басты мерекесіне орай отандастарымыз тағы бір күн тынығады. Қалғаны заңмен бекітілген демалыс күндері болып саналады.