Балалар

“AMANAT” партиясының белсенділері балаларға арнап мерекелік шара ұйымдастырды

Жаңа жыл қарсаңында “AMANAT” партиясы облыстық филиалының мүшелері өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арнап мерекелік шара ұйымдастырды. Қызыққа толы кеш қаладағы демалыс орындарының бірінде өтті. Ұл-қыздар қарда жүретін көлікпен аумақты аралап өтті, таза ауа жұтты, түрлі жануарлармен танысты. Осылайша жеткіншектер өздерін құдды бір ертегілер әлемінде жүргендей сезінді. Бағдарлама аясында мейрамханада кең дастархан да жайылды. Аяз ата мен Ақшақар келіп, балалардың көңіл-күйін көтерді. Сонымен қатар, балаларға өздері армандаған сыйлықтар табысталды.