Өңірдің үздік емханалары анықталды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» облыстық филиалы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек» байқауын қорытындылады. Медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған конкурс тамыздың 1-і мен қарашаның 30-ы күндері аралығында өтті. Оған 19 мекеме қатысқан. Олардың 13-і – аудандық, қалған 6-ауы – қалалық. Нәтижесінде Явленка аудандық ауруханасы үздік атанды. Ал екінші орынды Ақжар аудандық ауруханасы еншілесе, үштікті Уәлиханов аудандық ауруханасы тұйықтады.