СҚО бойынша Тексеру комиссиясында денсаулық сақтау саласына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесі қаралды. Мамандар облыстық фтизиопульмонология және психикалық орталықты тексерген. Қорытындысы бойынша 1 жарым млрд теңгеден асатын қаржылық заңбұзушылық анықталды. Оның 90 пайызы – бухгалтерлік есеп кезіндегі олқылықтар. Бұдан бөлек, аудиторлар ондаған тиімсіз жоспарлау мен 23 рәсімдік бұзушылық фактісін тіркеді. Жоғарыда аталған алғашқы мекеме қызметкерлерге қосымша төлемдерді талапқа қайшы түрде берген. Күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты да ескерту жетерлік. Мердігер екінші және үшінші қабаттардағы жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтамаған. Аудит қорытындысы қадағалаушы органдарға жіберілетін болады.