Құқық қорғау органдары

Полиция департаментінің басшылығы “Жас сақшы” жобасына қатысушыларды құттықтады

Полиция департаментінің басшылығы “Жас сақшыларды” келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Өңір мектептерінде мұндай төрт сынып құрылған. Оқушылар білім ұяларында заңнаманы меңгеріп, арнайы дайындықтан өтеді, құқық қорғау қызметінің түрлі қырларымен танысады.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

— Сіздер, «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары, бүгінде-ақ өз құрдастарыңызға үлгі болуға дайын екендеріңізді көрсетіп отырсыздар. Заңға құрмет, белсенді азаматтық ұстаным мен патриотизмді дәріптеп келесіздер. 

Маңызды жобаны іске асыруға белсенді атсалысқан мектеп директорлары мен орынбасарлары құрметке бөленді. Олар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Кеш мерекелік концертпен жалғасын тапты. Жалпы, «Жас сақшы» – полиция бағытындағы сынып. Ол құқық қорғау органдары үшін кадрларды мектеп қабырғасынан даярлау мақсатында құрылған. Бұл жоба өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге және “Заң мен Тәртіп” идеологиясын қалыптастыруға маңызды үлес қосады.

Ақтолқын Солтанханқызы