Балалар

Петропавл қаласы әкімінің шыршасы өтті

Балалар шаттанған күн. Петропавлда қала әкімінің шыршасы өтті. Шараға ерекше балалар, аз қамтылған отбасыдан шыққан жеткіншектер мен үздік оқушылар қатысты. Сән-салтанатқа толы жылдың бас мерекесінің кішкентай қонақтары үздік өнер ұжымдары ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалады. Шараға қала әкімі Серік Мұхамедиев қатысты. Шаһар басшысы жеткіншектерді Жаңа жылмен құттықтап, оқуда озат болуларын тіледі.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

— Бүгін қаламыздың ең алғыр, білімге құштар балаларын жинап отырмыз. Осы беттеріңізден таймаңыздар! Жаңа жыл шаттыққа толы болсын!

Көздің жауын алатын костюмдерді көріп өзіңді құдды бір ертегілер әлемінде жүргендей сезінесің. Ұлдар жағы батыр мен Гарри Поттердің образын таңдапты. Ал қыздар болса мультфильмдегі ханшайымдардың образына енген. Жеткіншектер балалық шақта осындай ұмытылмас сәттер көп болғанын қалайды. Мерекелік шараға 100-ден астам бала қатысты. Концерттен кейін ұл-қыздарға бағалы және тәтті сыйлықтар табысталды.

 

Нұрасыл Ахмет