Тайынша ауданындағы Летовочное ауылында «Ауыл құтқарушылары» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті бой көтерді. Нысанда жұмыс істейтін ауыл азаматтары алдағы уақытта арнайы оқыту курстарынан өтеді. Бекет өрт сөндіру ісіне қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Сыйымдылығы 2 жарым текше метр болатын автоцистерна жылы бокста тұрады. Өрт сөндіру бекеті Летовочный ауылдық округінің қарамағында болмақ. Бұл аумақта 6 елді мекен бар, жалпы халқының саны 1300-ге жуықтайды.
НҰРЛАН НҮКІШЕВ, СҚО ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
— Ауыл құтқарушылары” бағдарламасының арқасында біз шалғайда орналасқан ауылдарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін боламыз. Ол үшін өрт сөндіру бекеттерінде қолайлы жағдай жасап отырмыз. Биыл облыста жаңа заманауи 5 өрт сөндіру бекеті ашылды әрі 3 пункт қайта жаңғыртудан өтті.