Құқық қорғау органдары

СҚО-да жол-көлік оқиғаларының 14% такси жүргізушілерінің қатысуымен болған

У вас очень высокая ответственность. Вы в день перевозите, наверное, более 100 человек. 

Бүгінгі таңда Петропавлда төрт ірі таксопарк бар. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері соның бірінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Дәл осы ұйымның жүргізушілерімен жол-көлік оқиғалары сирек тіркеледі екен. Ал шенділер алдағы уақытта көрсеткішті нөлге дейін төмендетуді көздеп отыр.

Проверяем давление, чтобы не выше 140/90 было, затем проверяю на алкотестере, смотрю общее состояние. 

Көлікке мінер алдында жүргізушілер міндетті медициналық тексеруден өтеді. Гаражда темір тұлпарларға алдын ала техникалық байқау жүргізіледі. Полицейлер маңызды жұмысты бақылап, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне көз жеткізді және жүргізушілермен профилактикалық әңгіме өткізді.

На сегодняшний день очень много ДТП регистрируется, мы обращаем внимание, В ходе анализа выясняется, это пользование во время езды сотовым телефоном. Всё, ваше внимание отвлекается, вы не можете анализировать дорогу. 

Тәртіп сақшыларының ендігі міндеті – қалған таксопарк өкілдерімен кездесу. Полицейлер қызмет көрсетуші ұйымдардың басшыларымен меморандум жасасып, жол-көлік оқиғаларын азайту бағытындағы жұмысты тұрақты негізде жүргізуді жоспарлап отыр.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

— Ұйымдарға әр он күн сайын полиция қызметкерін жіберіп отырамыз. Ол такси жүргізушілерімен тікелей тілдесіп, ережелерді түсіндіреді, жол-көлік оқиғалары, олардың себептері туралы ақпарат береді. Бұл шаралар заңды таксилердің қатысуымен болатын жағымсыз жайттардың санын азайтады деп ойлаймын. 

Полицейлер таксопарктермен жұмысты жаңа форматта жүргізді. Бұрын шенділер бақылау және жазалау қағидасын ұстанатын. Ал қазір «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында бірлескен ақпараттық іс-қимылға басымдық берілген.

 

Байболат Құлтанов