Қазақстанда салықтық қарызды өндіру тәртібі жаңартылады. Жаңа кодекс бойынша кәсіпкерге бірден қатаң шара қолданылмайды. Берешектің көлеміне қарай жеңілдетілген жүйе енгізіледі. Дәлірек айтсақ, 20 АЕК дейінгі қарызы бар азаматтарға тек ескерту хабарламасы жіберіледі. Ешқандай шектеу қойылмайды.
СЕРІК ЕРЖАНОВ, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:
— АЕК аралығында қарызы бар азаматқа 10 күн беріледі. Қарыз уақытында төленбесе банк картасы бұғатталады. Сонымен қатар, инкассалық өкім шығарылады. Бұл – есепшоттағы қаражатты иесінің келісімінсіз алып қоюға арналған құжат. Бір сөзбен айтқанда, қарызды мәжбүрлеп өндіріп алуға рұқсат етіледі.
Егер берешек 27 АЕК-тен, яғни 106 млн теңгеден асып, үш ай бойы өтелмесе, сот азаматқа елден шығуға тыйым салады. Қарызын төлемеген адамның кесірінен жұмысындағы басшысы да жауапқа тартылуы мүмкін.
СЕРІК ЕРЖАНОВ, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:
— Салық кодексіндегі өзгерістер бизнес өкілдері үшін көптен күткен жаңалық болды. Бұрын кәсіпкердің шотындағы 1 теңге қарыз үшін барлық операциялар тоқтатылған болатын. 2026 жылдан бастап мемлекеттік органдар “қамшылау” әдісінен бас тартады. Бір сөзбен айтқанда, енгізілетін жүйе кәсіпкерлерге жаңа дем береді.
Бұл қадам кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады дейді мамандар. Айта кету керек, Мемлекет басшысының өзі Қаржы министрлігіне кәсіпкерлерді жазалау шараларын жеңілдетуді тапсырған болатын.
Нұрасыл Ахмет