Солтүстікқазақстандық кекушинкай каратешілер аттестациялаудан өтті. Мыңға жуық жастың мүмкіндігі сыналатын емтихан 2 кезеңнен тұрды. Сынақ кезінде 4 жастан жоғары спортшылар соққы жасау, қорғану тәсілдерін және татамидегі қимыл-қозғалысты көрсетті. Сонымен қатар, бағалаушы тарап кимоно киген ұл-қыздардың жекпе-жектеріне баға берді. Нәтижесінде 4 каратеші “Спорт шеберлігіне үміткер” атағын орындады. Аттестациялау барысында құттықтау рәсімі де ұйымдастырылды. Жиналған қауым Австралияда өткен Әлем Кубогында 3-ші орын еншілеген жерлестеріміз Людмила Бутенко мен Светлана Малихтаровичті құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.