Мағжан Жұмабаев ауданында шаңғы маусымы ашылды. Осыған орай Булаево қаласында шаңғымен жаппай жүгіру шарасы ұйымдастырылды. Дәстүрлі сайысқа мектеп оқушылары мен ересектер – жалпы 140-қа жуық адам қатысты. Жарыстың ережесі бойынша нәзікжандылар 1 шақырымды еңсерді. Ал ерлер қауымы 2 шақырымды бағындырды. Салауатты өмір салтын ұстауға шақыратын бәсеке соңында үздік нәтиже көрсеткендер медаль және дипломдармен марапатталды.
ХАЙНОЛЛА СМАТОВ, “AMANAT” партиясы М.Жұмабаев аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
— Депутаттар, ақсақалдар, жастар көп. Көптен күткен қарымыз да жауды. Шаңғы тебу керекпіз. Спортпен айналысу қажет.