Қоғам

Ерлі-зайыпты энергетиктер

Антон Савенко «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-да 4 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Оның міндеті – есеп-қисапқа, жаңа дүниелердің сатып алынуына жауап беру. Қызметі жеңіл болып көрінгенімен өте жауапты іс. Бас кезінде келгенде қарапайым энергетиктердің бірі болған. Қазіргі таңда – қайта жаңғырту, жаңарту және жөндеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымында. Ордабұзар жастағы ер азамат бұл жерде жұмыс істеп қана қоймай, өмірлік серігі Белланы да жолықтырыпты. Жас отбасы бір жерде тер төксе де екеуінің міндеті әртүрлі.

АНТОН САВЕНКО, «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ басқарма бастығының орынбасары:

— Мен есеп-қисап жұмыстарымен айналысамын. Энергетикалық көрсеткіштерге қатысты және күнделікті есептерге жауап беремін. Жыл соңында жұмыс тіптен қиындайды. Себебі, есеп тапсыру қажет. Әйелім мұнда жарты жыл ғана қызмет етеді. Бас кезінде түсінбеген тұстарын менен сұрайтын. Қазір үйреніп алды. Бірақ әлі де жұмыс жағынан бір-бірімізге қолдау білдіріп, үйде де барлығын бірге істеуге тырысамыз.

Ортақ мамандық, ортақ еңбек және бір шаңырақ астындағы махаббат. Жас жұбайлар осыдан 2 жыл бұрын қыз бен жігіт болып жүре бастаған. Кейін шаңырақ көтеріп, қазір отбасы құрғандарына бір жыл болыпты. Бір қызығы, екеуі бір университетте оқып, бір-бірін мүлдем танымаған. Яғни, Белла бірінші курсқа келгенде Антон 4-ші курста оқып жүрген. Кейін келіншегі осы жерде өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген кезде бір-бірін кезіктірген.

БЕЛЛА САВЕНКО, «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ орталық диспетчерлік қызметінің инженері:

— Бір кәсіпорында жұмыс істесек те бір-бірімізді көре қоймаймыз. Өйткені жұбайым басқа мекемеде қызмет етеді. Таңертең бірге жұмысқа келгеннен кешке бірақ кездесеміз. Жолдасыммен бір салада жұмыс істеген жақсы. Бағыт-бағдар беріп отырады. Менің қызметтік міндетім – жарықтың дұрыс таралуын қадағалау.

Ерлі-зайыпты Савенколарды арман тоғыстырды. Екеуі де бала кездерінде
электрик болуды армандапты. Алда арман қуған жастардың мерекесі келе жатыр. Желтоқсанның 22-сі – энергетиктердің кәсіби мейрамы.
Бүгінде “Севказэнерго” АҚ-да мың жарымнан астам маман еңбек етеді.

Мәдина Қаби