Заман игілігінің арқасында бір үйір жылқы табылды. Айыртау ауданында бақандай 45 жылқы жоғалған. Оларды ауыл тұрғындары бірнеше күн бойы іздеп, таба алмады. Полиция жылқышы түсірген арыздан кейін бірден іске кірісті. 5 іздестіру тобын құрды. Із-кесу жұмыстары 5 күнге созылып, 30 шақырым аумақты қамтыды. Бірақ, орман алқаптары мен батпақты жерлерге кіруге мүмкін болмаған. Сол себепті 2 бірдей ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылыпты. Заман игілігінің көмегімен жылқының қайда екені анықталып, ауыл халқының уайымы сейілді.