Спорт

Теріскейлік ауыл балалары республикалық додада тұғыр биігінен көрінді

Жуырда Ақмола және Қостанай облыстарында IV қысқы ауыл жасөспірімдері ойындары өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам бала қатысты. Өңір намысын 45 спортшы қорғады. Жерлестеріміз коньки және шаңғымен жүгіру, биатлон мен шайбалы хоккейден бақ сынады. Сайыста солтүстікқазақстандық өрендер 2 алтын, 2 күміс, 3 қола еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады. Аталған дода ауыл балаларының танылып, әлемдік додаларда бақ сынауына мүмкіндік береді.