Өңірге арнайы іссапармен келген Татарстан Республикасының делегациясы “Мағжан орталығында” болды. Олар нысанды аралап, ұлт бостандығы жолында аянбай еңбек еткен нар тұлғамыз жайлы мол мағлұмат алды. Ғимараттың ішінде “Мен жастарға сенемін” деп жырлаған ақынға қатысты құжаттар жетерлік. Кейбірі өзге елдерден әкелінген. Меймандар нысанның дизайнына оң бағасын беріп, ішіндегі құнды дүниелердің маңыздылығын атап өтті.
ВАСИЛЬ ШАЙХРАЗИЕВ, Татарстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, РФ:
— Қазақ – ата-бабасын қастерлеген халық. Біз де сіздер сияқтымыз. Жеті атамызды жатқа білеміз. Бұрын өзімді Мағжан жайлы көп білемін деп ойлайтынмын. Қателескен екенмін. Мен білмейтін қырлары мен атқарған жұмыстары көп екен. Орталықта ат басындай алтыннан қымбат оқулықтар жетерлік. Бұл – нағыз байлық. Осыны жастар ұтымды пайдаланса нұр үстіне нұр болар еді.
“Мағжан орталығы” 19-шы ғасырдың соңында салынған ғимаратта орналасқан. Нысан биыл күрделі жөндеу көрді. Біртуар жерлесіміз ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу болғанын қалады. Қазір Алаш арысының аңсаған арманын жүзеге асыру үшін ізбасарлары аянбай еңбек етіп келеді.
ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, “Мағжан орталығының” директоры:
— Орталықта 6 кабинет бар. Келушілердің саны күн сайын артуда. Мұнда тек Мағжанды ғана дәріптемейміз. Қазақтың басқа да нар тұлғаларының өмір жолын жастарға айтамыз.
Татарстан Республикасынан келген делегация қас қарайғанша дейін Петропавлдағы тарихи орындар мен мәдени нысандарды араламақ
Нұрасыл Ахмет