Облысқа жұмыс сапарымен Татарстан Республикасынан делегация келді. Меймандарды премьер-министр Василь Шахразиев бастап келген. Келесі жылы Петропавлда республика көлемінде “Сабантой” мерекесі атап өтіледі. Келген меймандар ауқымды шара өтетін аумақпен танысты. Сабантой – татар халқының ең сүйікті, атаулы мейрамдарының бірі. Бұл мерекеде олардың дәстүр-жоралғылары, әндері мен билері, ұлттық ойындары ортаға салынады. Василь Шахразиев облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, қала әкімі Серік Мұхамедиевпен жалғыз татарлар ғана емес, түркі халықтары асыға күтетін мерекені өткізу жоспарын талқылап, өз ойларын ортаға салды.ьКең көлемде өткізілетін шара қаламыздың бас көшесін толықтай қамтымақ.